Абай облысыҚоғамСемейТОП

Өңірлік кәсіпорын Абай облысына 2 млрд. теңге бөлді

Абай облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС басқарма төрағасы Кенбейіл Исаев әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы Меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Меморандум аясында көшелерді абаттандыруға (көгалдандыру, электр жарықтандыру желілері және т. б.) 2 100 000 000 теңге бөлу жоспарлануда:
1 тоқсан (Уәлиханов көшесінен Қабанбай батыр көшесіне дейін);
4 тоқсан (Дулатов көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін);
5 тоқсан (Қабанбай көшесінен бастап батыр Жамақаев көшесіне дейін).

Бұл меморандум өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы шеңберінде іске асырылатын болады.

Аумақты абаттандыру қаланың инфрақұрылымдық дамуы тұрғысынан маңызды және өзекті мәселесі.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button