ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі Айнабұлақ ауылының тұрғындарын жеке мәселелер бойынша қабылдады

Нұрбол Нұрсағатов Айнабұлақ ауылының тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше Семей қаласының әкімінің халықпен кездесуі Айнабұлақ ауылында да өтті. Бұл округ Семей қаласына қарасты ең шағын ауыл. Самай және Айнабұлақ ауылдарында 100-ден артық халық тұрады.

Тұрғындар қала әкімінен жайылымдық жерлерді заңдастырып беруді сұрады. Сонымен қатар, жалақы, жарықтың жиі сөнуі, интернет желісінің жоқтығы сынды түрлі тақырыптар көтерілді.

Қала әкімі өз кезегінде барлық сұрақтардың назарға алынғанын, тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін мәлімдеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button