ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі Абыралы ауылы тұрғындарымен кездесу өткізді

Қараөлең мен Алғабас ауылдық округтерінен кейін шаһар басшысы Нұрбол Нұрсағатов Абыралы ауылының тұрынғындарымен есептік кездесу өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абыралы ауылында жалпы 430 халық бар, 30-дан аса ауыл тұрғыны қала әкімінің кездесуіне қатысты.

“Ақпан айында өткен кездесуімізде округ тұрғындары Жедел жәрдем көлігінің болмауына шағымданды. Абай облысының денсаулық басқармасынан сұрау салу арқылы Қайнар ауылындағы медициналық пунктінен жедел жәрдем көлігі берілді”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Көктем маусымында көше жарықтандыруына ішінара жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, наурыз айында «Еңбек-Өскемен» мердігер ұйымы әкімдік ғимаратының шатыры мен тірек бағаналары ауыстырып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда ауыл округінде халыққа арналған Воркаут алаңын жабдықтау бойынша жұмыстар басталды. Ауыл тұрғындарына воркаут алаңдары заман талабына сай жабдықталып, тамыз айының соңына дейін ауыл тұрғындарына қолданысқа берілетін болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button