Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысы Көкпекті ауданындағы дала өрті сөндірілді

Абай облысының Көкпекті ауданында тұтанған қамыс өрті толығымен сөндірілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Абай облысының және жергілікті атқарушы органдардың өрт сөндірушілерінің бірлескен күш-жігерімен өрт бүгін сағат 07.15-те сөндірілді.

Кеше, сағат 19:00-де өрт оқшауланғаны туралы хабарланған еді.

Дала өрті  2 шілдеде сағат 11:00 шамасында Көкпекті ауданы Үлгілі Малшы ауылынан 50 шақырым жерде тұтанған болатын.

Елді мекендерге қауіп төнген жоқ. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ғарыштан жасалған түсірілімге сәйкес, тілсіз жау 910 гектарға жуық жерду шарпыды.

Өртті сөндіруге Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button