Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен баскетболдан чемпионат өтті

2023 жылдың 29-30 маусымы күндері көпір асты спорт алаңында “Спорт есірткіге қарсы” ұранымен 3х3 баскетболдан ашық қалалық чемпионат өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Аталған жарысқа U14, U16, U18 үш жас ерекшелігі бойынша 100 ден астам спортшы қатысып, өзара мықтылар анықталды.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен және медальдарымен, сондай ақ Абай облысы ішкі істер департаментінің Есірткіге қарсы басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button