Салауатты өмір салтын насихаттау және қала тұрғындарын спортпен баулу мақсатында Семейде «Баршаға арналған Спорт» спорттық-бұқаралық іс-шарасыөтуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Іс-шара қала тұрғындарын әртүрлі спорт түрлеріне үйретуге бағытталған. Мысалы, йога, Crossfit, Zumba, жүгіру, скандинавиялық серуендеу. Осы спорт секцияларына тегін қатысуға мүмкіндік береді.
Іс-шаралар 2023 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін 3 (үш) ай бойы ашық кеңістікте өткізіледі.
Өткізу орындары:
– Ертіс өзенінің жағалауы (оң жағалау);
– М. Әуезов атындағы алаң;
– “Бейбітшілік” аралының Денсаулық жолы;
– Орталық демалыс саябағы;
– “Абай жолы” аллеясы, М. Әуезов даңғылы.
Спорттық-бұқаралық іс-шараны өткізу Семей қаласы әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылады.
Semeynews.kz