Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысында діни бірлестіктерді спартакиада біріктірді

Елорда күні қарсаңында алғаш рет “Абай облысының қоғамдық даму басқармасы” ММ қолдауымен “Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы Жастар және балалар ұйымдары бірлестігінің” Семей қалалық филиалы діни бірлестіктер өкілдері арасында шағын спартакиада өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бүгінде Абай облысының аумағында 170 діни бірлестік тіркелген, соның ішінде спартакиадаға 11 команда қатысуға ниет білдірген.

Жарыстың ашылу салтанатында Абай облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Садырбаев облыстағы спорттық жарыстардың достық пен этностың бірлігін нығайту басты мақсат екендігін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

  • Бұл, спорттық форматты әртүрлі конфессиялық байланыстарға қарамастан біріктіруші фактор деп санаймын. Өйткені, спартакиаданың басты мақсаты- діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, өзара әрекеттестікті, ынтамақтастықты күшейту. Аталмыш іс-шара қоғамдық даму басқармасының арнайы әлеуметтік жобасы аясында іске асып отыр. Болашақта осындай спорттық кездесулер дәстүрге айналатынына сенімдімін, – деп атап өтті Айдар Садырбаев.

Командалар шағын футбол, асық ату, арқан тарту, көңілді жарыстар сияқты спорттың төрт түрінен сайысқа түсті.

  • Көптеген жылдар бойы спортпен шұғылданамын. Бүгінгі спорттық кездесуді денсаулықты нығайту мен спортты дамытудағы барлық діндердің ынтымақтастығының көрсеткіші деп санаймын. Шараны ұйымдастырушыларға алғыс айтамын, ал қатысушыларға сәттілік тілеп, үздіктер жеңіске жетсін демекпін, – деді “Тас” мешіті “ҚМДБ” Республикалық ислам діни бірлестігі филиалының қатысушысы Марат Сқақов.

Қатысушылар жарыс барысында спорттық дайындықтарын жақсы екендігін де байқатты. Сонымен қоса жеңіске деген үлкен ұмтылыстарында көрсете білді.

Қорытындылай келе арқан тарту жарысында әйелдер арасында бас жүлденің иегерлері жергілікті діни бірлестіктің (ҮЕҰ) “Агапе” Інжілдік христиан шіркеуі” командасы иеленсе, ерлер арасында “Тас” мешіті “ҚМДБ” Республикалық ислам діни бірлестігінің командасы көш бастады. Көңілді жарыста “Құдайдың Елшілігі ” Інжілдік христиан шіркеуі” ЖҚ әйелдер командасы алдыға шықса, ерлерде “Тыныбай” мешіті “ҚМДБ” Республикалық ислам діни бірлестігінің филиалының командасы ерекшеленді.

“Асық ату” ұлттық спорт түрінен жалпы командалық есепте бірінші орынды “Агапе “Інжілдік христиан шіркеуі” ЖҚ әйелдер командасы жеңіп алса, ерлер арасында “Тас” мешіт командасының ойыншыларына тең келетіндер болмады. Ал, шағын футболдан 11 команданың ішінен “Тыныбай”  мешіті “ҚМДБ”  Республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы командасы көш бастады.

Спартакиада соңында жеңімпаздар арнайы кубоктармен, грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button