Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы марапатталды

Семейде гарнизондық офицерлер үйінде «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының мүшелерін құрметтеу шарасы өткізілді. Іс-шараны «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы өткізді, мерекеге қатысушылардан басқа команда мектеп басшылығымен қатар, балалардың ата-аналарыда шақырылды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қуанышбек Үштаев құттықтау сөз сөйлеп:

  • Сіздер халықаралық деңгейде өткен «Айбын-2023» әскери-патриоттық жастар жиынында абыроймен қатысып, жүлделі екінші орынды иеленіп, Абай облысын жүлдегерлер қатарында көрсете білдіңіздер. Сіздерді осы жиындарға белсенді дайындаған мектеп басшылығына, ата-аналарға және әскери қызметшілерге алғыс айтамын. Жақын арада бірінші орынды еншілейсіздер деп үміттенемін, – деді ол.

Сахнада барлық қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді, мектеп басшылығы, алғашқы әскери дайындық оқытушылары, командаларды даярлауға қатысқан әскери қызметшілер шетте қалмады. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының алғыс хаттарын «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілері арасында жарыс кезінде жеке есепте жақсы нәтиже көрсеткендерге де табысталды.

Өз кезегінде №49 жалпы білім беретін мектептің басшылығы өз оқушылары мен әскери қызметшілеріне естелік сыйлықтар табыс етті. Салтанатты құрмет көрсету шарасы гарнизондық офицерлер үйінің барлық қонақтарға арналған көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button