Абай облысында қамысты шарпыған жалынмен күрес жалғасуда
Абай облысы Көкпекті ауданында қамысты шарпыған жалынмен күрес жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Қазіргі уақытта Абай облысының Көкпекті ауданындағы қамыс өртін өшіруге 3 бірлік техника мен 20 адам жұмылдырылды.
Қамыс Ертіс өзенінің жағалауындағы Кеңқолтық учаскесінде, дәлірек айтсақ, батпақпен қоршалған аралда тіркелді.
⠀
Ең жақын елді мекен – 60 шақырым жерде орналасқан. Елді мекендер мен шаруа қожалықтарына қауіп төнбейді. Қамыс өрті салдарынан зардап шеккендер жоқ.
⠀
Қазіргі уақытта өрттенген жердің болжамды ауданы 200 гектарды құрайды.
⠀
Естеріңізге сала кетейік, Көкпекті ауданының Үлгілі малшы а/о аумағы «Кеңқолтық» учаскесінде қамыстың жануы тіркелді. Ақпарат жедел штапқа 02.07.2023 жылы сағат 19:32-де түсті. Оқиға орнына жергілікті атқарушы органдар мен Көкпекті ауданы ТЖБ мамандары дереу барған болатын.
Semeynews.kz