Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде құтқарушылар ер адамды аспалы көпір құрылымдарынан түсірді

Семейде құтқарушылар ер адамды аспалы көпір құрылымдарынан түсірді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылғы 03 шілде күні сағат 13:06-да “112” пультіне қалалық Полиция басқармасының кезекшісінен ер адамның автогуж көпірінің аспалы конструкциялары бойынша жүріп жүргені туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына құтқару бөлімшелері мен Абай облысы ТЖ департаментінің психологы дереу жолға шықты.

Құтқарушылар келгеннен кейін 2001 жылы туған ер адам мас күйінде көпірдің аспалы құрылымдарына көтерілгені анықталды. Ол төмен түсуге көндіруге жауап бермеді.

Құтқарушылар альпинистік жабдықтың көмегімен аспалы көпірдің тірегіне көтеріліп, ер адамға жетіп, оны қауіпсіз жерге түсірді. Осы уақытта психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетті.

Құтқару операциясы кезінде ер адам зардап шеккен жоқ.

Төтенше жағдай туындаған кезде 112 немесе 101 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button