ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері бұл қылмысты «ізін суытпай» ашты. Ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 15 жасар жасөспірім жеткізілді. Жауап алу барысында жасөспірім кінәсін мойындап, ұрланған көлікті қайтарды.
Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасына тапсырылды.
ШҚО Полиция департаменті ата-аналарға балалармен қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде алдын алу әңгімелерін жүргізу қажеттігін ескертеді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Semey News