
Бұл жұмыстар қазіргі таңда Шугаев, Докучаев, Ибраев көшелерінде жүргізілуде, тротуарларды жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қаланың әртүрлі аудандарындағы көшелерде жүргізілетін болады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жаяу жүргіншілер жолын күрделі жөндеуден өткізу кезінде жол жақтауларында (бордюрларды) ауыстыру жұмыстары көзделген.
Сондай-ақ, 2023 жылға жалпы ұзындығы 50 км болатын 40 көшеде жолдарға орташа жөндеу жүргізу жоспарланды. Белгіленген кестеге сай мердігерлік ұйымдар 10-ға жуық көшені жөндеу жұмыстарын аяқтады.
Соның ішінде, Би Боранбай көшесі, Стальский көшесі, Ертіс, Цветочная, Рысқұлов көшелерінің қиылысында жұмыстар аяқталды. Сондай-ақ, Шугаев пен Докучаев көшелерінде борттық тастарды ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. Первомайская, Победа, Қорғаныс, Достық көшелерінде Профильді үзету және тегістеу қабатын төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Semeynews.kz