Абай облысыҚоғамОқиғаТОП
Бесқарағай ауданында орман жамылғысы өртенді

1 шілдеде сағат 09-48-де Бесқарағай ауданындағы “Семей орманы” МОТР аумағында түтін нүктесі анықталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жалпы ауданы 1,2 гектар өртті Долон филиалының Байдәулет орманшылығының қызметкерлері оқшаулап, сөндірді.
Сөндіруге барлығы 24 адам және орман шаруашылығының 9 техникасы қатысты.
Байдәулет орманшылығының ақпараты бойынша Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының күштері мен құралдарын тарту қажет болмаған.
Semeynews.kz