
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында болған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі, әскери және қызметтік борышын атқарудағы жанқиярлығы үшін марапатталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
II дәрежелі «Айбын» орденімен:
- Байдоллаев Нұрлан Қошқарұлы – Қорғаныс министрлігі 53975 әскери бөлімінің командирі;
- Долдаев Дамир Талғатұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаментінің аса маңызды
істер бойынша аға тергеушісі; - Садықов Орал Жексенғалиұлы – Ішкі істер министрлігі Абай облысы полиция департаменті Бородулиха ауданы полиция бөлімінің бастығы.
III дәрежелі «Айбын» орденімен:
1. Баймұратов Думан Қайратұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Абай облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
2. Қасымов Ілияс Ерғазыұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі;
3. Никифоренко Иван Юрьевич – Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізуші қызметкері;
4. Смайылов Рустам Қадырұлы – Төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 24 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі.
Semeynews.kz