Абай облысының әкімі Семей қаласы маңындағы кент тұрғындарымен кездесті

Облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев Семей қаласы маңындағы ауыл тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысының әкімі ауызсу және жол мәселерін көтерген Водный және Шығыс кентінің тұрғындарымен кездесті. Қала маңындағы елді мекен халқын толғандырған мәселе қашан және қалай шешілетінін жеткізу үшін аймақ басшысы арнайы барды.
Водный кенті халқының базынасын тікелей тыңдауға келемін деп Нұрлан Ұранхаев Семей тұрғындарымен есептік кездесу барысында уәде берген болатын.
Водный және Шығыс кенттерінің басты проблемасы – сапалы ауызсу. Облысы әкімі бұл бағытта жұмыстар жақын уақытта басталатынын жеткізді.
– Су құбырына келетін болсақ, республикалық бюджеттен қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны шамамен 3 млрд теңге. Жұмыстар биыл басталып, келесі жылы аяқталады деп жсопарланған. Осы жылы бұл екі жобаға қатысты жұмыстар басталады, сіздер алаңдамаңыздар, – деді Нұрлан Ұранхаев.
Semeynews.kz