Абай облысында оқушы орындарының тапшылығын азайту мақсатында 2022 жылы 1 700 орындық 4 мектеп салынды. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев тұрғындармен кездесуде айтып өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Жеке инвестициялар есебінен Семейде 650 оқушыға арналған мектеп ашылды.
2023-2025 жылдары «Жайлымектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 5700 орындық тағы 11 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде биыл 5 мектептің құрылысы басталады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта Қарағайлы ықшам ауданында1200 орындық және Водный кентінде 600 орындық екі мектептің құрылысы басталды. Биыл облыс орталығында «KAZ Minerals Management» ЖШС қаражаты есебінен 1200 орындық мектеп құрылысы басталды.
Сондай-ақ, биыл 2025 жылға дейін білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен 6 шағын жинақталған мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге 6 қосымша құрылыс салынады.
Балаларды қосымша біліммен қамтуды одан әрі арттыру мақсатында (83,7%) Семейде көпфункционалды оқушылар сарайын салу жоспарлануда.
Semeynews.kz