Абай облысыҚоғамСемейТОП
Абай облысында Кешенді даму жоспары жүзеге асырылуда
Абай облысында 1,9 трлн теңгеге 102 іс-шараны іске асыруды қамтитын Кешенді даму жоспары іске асырылуда. Бұл туралы облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев халықпен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Семейде 963 миллиард теңгеге жобалар мен іс-шаралар қарастырылған. Облыс орталығының экономика секторын дамытуға 50,4 млрд теңге бағытталады; 21,9 млрд теңге қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтық қорғанысты нығайтуға бағытталады; көлік инфрақұрылымын дамытуға – 68 млрд теңге, жылу жүйесін жөндеуге – 630,1 млрд теңге, электрмен жабдықтауға – 18,2 млрд теңге, сумен жабдықтауға және су бұруға – 32,1 млрд теңге, экологияға-6,0 млрд теңге; әлеуметтік салаға – 135,4 млрд теңге.
Semeynews.kz