Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарлануда

Биыл Абай облысы бойынша жергілікті маңызы бар 235 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылады. Осы мақсаттарға 9,9 млрд теңге қарастырылған. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев халықпен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында жалпы ұзындығы 77 км (33 жоба) кентішілік жолдарды 3 млрд теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Семей қаласы бойынша жолдарды орташа жөндеуге жалпы 5,2 млрд теңге бөлінді, оның 3,8 млрд теңгесі облыстық бюджет есебінен. 60 шақырымнан астам жол жөндеумен қамтылады. “Омбы-Майқапшағай” – дан “Северное” КЛО-ға дейінгі жол құрылысының басталуына 900 млн теңге бөлінді (жалпы құны 2 369 млн теңге).

Сондай-ақ, өткен жылдан бастап 2025 жылы (30,4 млрд теңге) аяқталатын автогуж көпірін қайта жаңарту жобасы іске асырылуда. Ағымдағы жылы 7,2 млрд теңге бөлінді.

Жапондық мамандар аспалы көпірді зерттеді. Құрылымды жөндеуге және жол төсемін жаңартуға қажетті құжаттаманы дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялауға 2,7 млрд теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен – 1,2 млрд теңге қаражат бөлінді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button