Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысында ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарланған

Облыста агроөнеркәсіптік кешен саласында 5,6 млрд теңгеге 9 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл туралы Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев халықпен кездесуде айтты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жобалар суармалы жерлердің көлемін 2 863 гектарға ұлғайтуға бағытталған (3 жоба 3,0 млрд теңгеге). Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге инвестициялар (0,3 млрд теңгеге 2 жоба); ауыл шаруашылығы жануарларының гендік қорын жақсарту (0,8 млрд теңгеге 3 жоба) және ет өндірісін ұлғайту (1 жоба 1,5 млрд теңгеге) жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button