Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды, – деп хабарлайды Semeynews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.
Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», – деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.
Semeynews.kz