Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі өңір тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев облыс тұрғындарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті Абай елі!
Қадірлі жерлестер!

Күллі мұсылман қауымы үшін аса қастерлі, ізгілік пен мейірім шуағын төккен ұлық мерекесі – Құрбан айт қабыл болсын!

Ұлттық руханиятымыз бен салт-дәстүріміздің өзегіне айналған бұл күн әрқашан халқымызды қанағат пен рахымға, қайырымдылық пен жанашырлыққа, адамгершілік пен ізгілікке үндейді.

Осынау құндылықтар түрлі діндер мен конфессиялар тоғысқан көпұлтты еліміздегі тұрақтылық пен келісімнің өзегіне айналды.

Сауабы мол қасиетті күнде шалған құрбандықтарыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын.
Әр отбасына амандық, мол ырыс, береке-бірлік, баянды бақыт тілеймін!

Туған жер, қасиетті Отанымызда ауызбіршілік пен ынтымақ салтанат құрып, еліміздің мәртебесі арта берсін!

Құрметпен,
Абай облысының әкімі Н. Ұранхаев

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button