Абай облысыҚоғамМерекеСемейТОП

Абай облысының әкімі БАҚ қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтады. – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен құттықтаймын!

БАҚ саласында – қоғам жанашырлары, заманауи оқиғалар мен тарихи жағдайды объективті түрде қалың бұқараға жеткізе білетін өз саласының майталмандары еңбек етеді. Сондықтан, жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып қоғамдағы өзекті оқиғалардың алдыңғы шебінде жүретін айрықша кәсіп иелерінің қызметі қадірлі де, құрметті!

Киелі Абай елінің журналистикасы әрқашанда республиканың БАҚ редакциялары үшін үздік кадрлар ұстаханасы болып саналады. Осы орайда, өңірімізде қарымды қаламгерлер қалыптастырған дәстүрді кейінгі толқын журналистер де лайықты жалғастыруда.

Сіздер облыстағы жаңалықтарды салмақты сөзбен, салиқалы пікірлеріңізбен жеткізіп, халықтың жүрегіне жол тауып келесіздер. Осы бағыттағы жұмыстарыңыз еселене берсін!

Өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, ақпарат майданында маңызды жаңалық жеткізуді мұрат тұтқан игі істеріңізге табыс, шығармашылық шабыт тілеймін!

Құрметпен, Абай облысының әкімі Н.Ұранхаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button