ҚоғамМерекеСемейТОП

Семей басшысы Нұрбол Нұрсағатов журналистерді марапаттады

Жаңалықтың  жаршысы саналған  журналистер қауымын  кәсіби мерекесі  қарсаңында Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатов арнайы құттықтады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қала дамуының жарқын көрсеткіштерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап, шаһар имиджінің қалыптасуына үлес қосып жүрген жандар әкімдік ғимаратына жиналды.

Журналистика – қиыншылығы мен қызығы  мол, жан-жақты білімділікті талап ететін жауапты сала.  Қоғаммен етене  жақын мамандық  иелерінің негізі мақсаты  халықты  ақпаратпен  қамтамасыз ету. Оның ішінде Семейде  тарихы терең, болашағы кемел қаланың бүгінгі көркін өзгелерге үлгі етіп жариялап жүрген тілшілер қауымының тілегі қаланың дамуына үлес қосу.

Әкімдік ғимаратында өткен салтанатты жиында қала басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаламгерлердің еңбектеріне табыс тіледі.

Өз шығармашылығы  арқылы қоғамға да, адамға да қызмет ететін, ақпараттың айдынында журналистердің еңбегі елеулі. Қаланың дамуындағы үлес, қажыр-қайрат ескеріліп мерекелік  жиында қала әкімі бірнеше журналистерге  алғыс хаттар  мен Құрмет грамоталарын табыстады.

Сондай-ақ, қаланың  тыныс-тіршілігінен хабар таратып жүрген  “Semei” телеарнасының директоры Хасен Молдабаев пен “Вести Семей” газетінің бас редакторы Шынар Рысаковаға “Қалаға еңбегі сіңген еңбегі” үшін медальдарымен марапаттады.

“Ақпарат майданындағы сүбелі еңбектеріңізге шабыт пен шығармашылық тілеймін. Абай облысының абыройын асқақтатып, қаламыздың көркеюі жолында қалам тербей беріңіздер. Жазарларыңыз көп, қаламдарыңыз қарымды, сөздеріңіз өтімді, жұмыстарыңыз жемісті болсын”,- деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Мереке қарсаңында елдің  танымдық және ақпараттық  дамуында талмай қызмет етіп жүрген  журналистер қауымы  еңбектеріңіз жансын демекпіз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button