ҚоғамСемейТОП

Семейде «Елімай» футбол клубының эмблемасы бейнеленген жаңа мурал салынды

Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда. Ежелден футболдың отаны саналатын Семей қаласында 408-квартал 15-үйдің қабырғасына “Елімай” футбол клубының эмблемасы салынды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Сондай-ақ, сәндік муралдар Шәйжүнісов көшесі 152-үй, Мәңгілік ел көшесі 10-үй мекенжайларындағы тұрғын үй қасбеттерінде салынуды.

Бұл аудандарда Семей қаласының келбетін бейнелейтін сурет пен Ұлы Абайдың суреттері салынуда.

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше ағымдағы жылы дәл осындай бірнеше Муралдар пайда болады.

Айта кетейік, мурал– бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. «Мурал» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «қабырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез-келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл – биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button