Абай облысыҚоғамҚұқықбұзушылықТОП

Абай облысында балалар үйінен қаражат жымқыруға қатысты түсіндірме берді

Абай облысы білім басқармасы Үржар ауданы Науалы ауылындағы балалар үйінен қаражат жымқыру фактісіне түсіндірме берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Науалы балалар үйі 2019 жылдың мамыр айында бірігу арқылы қайта құрылды. Бірқатар БАҚ-та айтылған фактілер 2016-2019 жылдар аралығында Балалар үйінің қызметін тексеру барысында анықталды.

Яғни, заң бұзушылықтар анықталған кезде Балалар үйі Шығыс Қазақстан облысының қарамағында болған және елді мекеннің аумақтық тиесілігін қоспағанда, Абай облысына ешқандай қатысы жоқ.

Сонымен қатар, Абай облысының білім беру жүйесінде мұндай балалар үйі жоқ екенін хабарлаймыз», – делінген білім басқармасының түсінігінде.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button