Абай облысыДенсаулықҚоғамТОП

Абай облысының Көкпекті ауданында гемодиализ бөлімі ашылды

Бұл аудан халқы асыға күткен қуанышты жаңалық. «Гемодиализ» бөлімі ашылып, ресми түрде орталық өз жұмысын бастады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Көкпекті ауданына іс-сапармен барған кезде, аудан тұрғындары Көкпекті ауданында «Гемодиализ» бөлімін ашуға қолдау көрсетуді сұрады.

Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша облыс басшысы жауапты мекемелерге нақты тапсырма берген болатын.

Сауықтыру бөлімнің ашылуына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлназ Таңатарова, Абай облысы «Бүйрек» орталығының директоры, Абай облысының штаттан тыс нефрологы Думан Медеуов және аудан тұрғындары қатысты.

-Ауданда «Гемодиализ» бөлімі болмаған кезде, ауданның бірнеше тұрғыны әрдайым ем қабылдау үшін аптасына 3 рет қалаға барып келуге, кейіннен тіпті қалаға көшуге мәжбүр болған. Қазіргі таңда сол аудан тұрғындары ауданға қайта көшуді жоспарлауда,-деді Көкпекті аудандық емхананың бас дәрігері Махат Ғабдуллин.

Қазіргі уңақытта Көкпекті ауданы бойынша «Гемодиализ» бөлімінен 7 тұрғын тұрақты ем алуда. Одан бөлек, аталған орталықта көршілес Ақсуат ауданының 2 тұрғыны да қызмет алатын болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button