Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысындағы спорттық жетістіктер туралы айтып берді

Абай облысында 2022 жылы 230739 адам дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тартылған. Бұл халықтың 38%-ын құрайды. Ал, биыл бұл көрсеткіш өзгеріп, дене шынықтыру және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны 2% – ға өскен, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту және насихаттау мақсатында облыста спорттық-бұқаралық іс-шаралар жыл сайынғы дәстүр бойынша өткізілуде. Жалпы, өңірде 1241 спорт ғимараты жұмыс істейді. Оның ішінде: 7 стадион, 17 спорт кешені, 10 жүзу бассейні, 358 спорт залы, 2 спорт манежі, 11 атқыштар тирі, 3 теннис корты, 714 жазықтық ғимарат, 103 хоккей корты, 9 ипподром, 7 кіріктірілген спорт залы және ауылдық жерлерде орналасқан 865 бірлік спорт ғимараты бар.

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған «Абай облысында дене шынықтыру және бұқаралық спорттың дамуы» тақырыбындағы брифингте баяндалды. Брифингке Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әнуарбекұлы, Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының орынбасары міндетін атқарушы Бақыт Әскетғазыұлы қатысты.

– 2023 жылы халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі 7,7% – ға ұлғайды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Абай облысының өңірлерінде жаттығу процесін сапалы өткізу, спортты дамытуға жағдай жасау үшін 2 дене шынықтырумен сауықтыру кешені (Қайнар ауылы, Ақсуат ауылы) пайдалануға берілді және 2 жобаны іске асыру жоспарлануда. Атап айтар болсақ Абай ауданы Көкбай ауылында және Үржар ауданы Таскескен ауылында спорт модульдерін салу, сондай-ақ жүзу бассейнінің (Көкпекті ауылы) және дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің (Бородулиха ауылы) құрылысы жүргізілуде,- дейді Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әнуарбекұлы.

2022 жылы Абай облысында дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүмкіндігі шектеулі адамдардың саны 2421 адамды болып, спортпен шұғылдануға рұқсат етілген мүгедектер санының 12,9% -.ын құраған. Ал, көрсеткіш 2023 жылы 0,2% – ға ұлғайған.

Мүгедектігі бар жандар арасында спортты дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында облыста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт клубы жұмыс істеуде. Онда мынадай спорт түрлері бойынша 10 бөлімше бар: жеңіл атлетика, дзюдо, жүзу, таэквондо, пауэрлифтинг, дойбы, арбамен билеу (танцы на колясках), футбол, армрестлинг, тоғызқұмалақ. Жалпы клуб 244 адамды қамтиды,- деді Ержан Әнуарбекұлы.
Абай облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының негізгі міндеттері дене шынықтыру мен спортты одан әрі сапалы дамыту, спорттағы дарынды балаларға арналған интернат, ойын және ұлттық спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін ашу.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button