Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

“Айбын” әскери-патриоттық жиыны аяқталды

2023 жылғы 17 маусым мен 23 маусым аралығында Қарағанды ​​облысындағы «Спасск» оқу-жаттығу орталығында Қазақстанның барлық облыстарынан 45 команда, 700-ден астам жасөспірімдер мен мектеп оқушыларының қатысуымен IX Халықаралық әскери-патриоттық «Айбын-2023» жастар жиыны өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Биыл алғашқы рет Әзербайжан мен Өзбекстан командалары қатысты.

Абай облысының командалары жақсы нәтижеге қол жеткізді. Әскери қызметкерлердің балаларынан құралған командалар арасында Семей қаласының №49 жалпы білім беретін мектебінің «Жас барлаушы» әскери-патриоттық клубы командалық есепте 2 орынды иеленді. Мамандандырылған ерлер лицейлерінің командалары арасында Семей қаласының  Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернатының «Арлан» командасы жүлделі 3-орынға ие болды. Әскери-патриоттық клубтар арасында Абай облысы «Абай қырандары» командасы 4 орынға ие болды.

Абай облысы білім беру басшылығының, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің және облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жан-жақты қолдауының, сондай-ақ жетекшілер мен команда мүшелерінің күш-жігері арқасында халықаралық жарыста қатысушылар жоғары нәтиже көрсете білді.Абай облысының «Жас барлаушы», «Арлан», «Абай қырандары» командаларын лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button