ҚоғамСемейТОП

Семейде жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылы қала ішінде 60-қа жуық көшеге сыртқы жарықтандыру жүргізіледі. Бұл жұмыстар Семей қаласының ЖКХ бөлімінің тапсырысымен жүзеге асуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Ағымдағы жылы білім мен әлеуметтік нысандарға апаратын көшелерге басымдық берілді. Қаланың орталық және шеткері аумақтарындағы көшелерге мердігерлермен бірлесіп жарықтандырулар жүргізудеміз. Қала әкімі Нұрбол Төлегенұлының тапсырмасына сәйкес, әр күн сайын мердігерлердің жұмыстарын тексеріп отырамыз», -деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары А.Тоқпақов.

Сондай-ақ, қалада тозығы жетіп істен шыққан жарықшамдарға ішінара ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңадан 400-ге жуық жарықтандыру бағаналары орнатылды. Ескірген жарық шамдары айырбасталып, заманауи диодты шамдар орнатылуда.

Айта кетейік, биыл «Мектепке жол” бағдарламасы аясында қаладағы білім ордаларына баратын барлық көшелерге жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда мектепке апаратын 6 көшеге жарықтандырулар жүргізілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button