ҚоғамҚұрылысСемейТОП

Семейде жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасуда

Облыс орталығында қала көшелерін жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі таңда Ертіс көшесінде асфальтбетон жабынын фрезерлеу жұмыстары жүргізілуде, Рысқұлов көшесінде тегістеу қабатын төсеу, Докучаева мен Шугаев көшелерінде борттық тастарды ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Семей қаласы жол құрылысы қалалық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөлімінің тапсырысымен Берел мен Би Боранбай көшесіндегі жол айрықта жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.

Биыл Семейде жалпы ұзындығы 60 шақырым болатын 40 көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button