Абай облысыауылшаруашылығыҚоғамТОП

Абай облысы Бесқарағай ауданындағы егіс алқабының аумағы жыл сайын ұлғаюда

Бесқарағай ауданындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабының жоспары биылғы жылы 61 340 гектарды құрап отыр, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бесқарағай ауданының ауданы 1 140 924 га құрайды. Оның ішінде: ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 462,2 мың гектар, елді мекендердің жерлері 210,2 мың гектар, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері 392,4 мың гектар, қордағы жерлер 67,6 мың гектар және басқа санаттағы жерлер 8,5 мың гектар болып бөлінеді.

Аудан экономикасының негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы саласы. Жалпы ауданда 500 шаруа қожалықтары бар. Олар 338 279 гектар аумақты пайдаланып отыр. Және де 43 ауыл шаруашылығы ұйымдары 123 876 гектарды құрайтын аумақта жұмыс атқаруда.

Бесқарағай ауданындағы егіс алқабының аумағы жыл сайын ұлғаюда. Аудандағы егістік алқап 2022 жылы 60,69 мың гектарды құрап, 2021 жылмен салыстырғанда 0,82 мың гектарға немесе 101,4% – ға ұлғайса, биылғы аумағы 61 340 гектарға жеткен.

-Пайдаланылмаған жерлерді анықтау және материалдарды жер ресурстарын басқару департаментіне беру бойынша жоспарлы түрде жұмыстар жүргізудеміз. 2022 жылы жалпы ауданы 6150,4 гектар 6 учаске қайтарылды. Қайтарылған жердің ішіндегі егістік аумағы 4965,6 гектар,- деді Бесқарағай ауданының кәсіпкерлік және ауылшарушалық бөлімінің басшысы Ардақ Өміртаев.

Бүгінгі таңда 61 963 гектарды егістік дақылдарын өсіруге пайдаланып отырған аудан көктемгі егіс жұмыстарын аяқтаған. Олар, дәнді дақылдарға 16,6 мың гектар жерді пайдаланған. Оның ішінде: күнбағыс дақылдары 28,3 мың гектар, картоп 0,6 гектар, көкөністер 0,2 гектар және бақша 0,038 гектар жерге егілген. Ал, жемшөп дақылдары 16,2 мың гектарға салынған. Сондай-ақ қазіргі уақытта аудандағы бос жатқан жерлерді мемлекет иелігіне қайтару және сол жерді қайта игеруге жұмыстар атқарылып жатыр.

– Жер заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу үшін Абай облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне 8149,9 га алаңда 22 жер учаскесін пайдаланбайтын 17 жер пайдаланушы туралы материалдар берілді. Қазір нәтижесін күтіп отырмыз. Бүгінгі күні әрбір жер пайдаланушы бөлінісіндегі барлық егістік жерлерге зерттеу жүргізу кестесін бекіттік.Тексеру ағымдағы жылдың мамыр – маусым айларындағы егіс жұмыстары аяқталғаннан кейін жүргізіледі,- дейді кәсіпкерлік және ауылшарушалық бөлімінің басшысы Ардақ Өміртаев.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button