Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде мемлекеттік органдар мен Мұрат массивінің тұрғындары бірлескен “Жол картасын” әзірледі

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев «Бобровка» және «Мұрат» саяжайларының тұрғындарымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Ағымдағы жылдың мамыр айының басында «Бобровка» және «Мұрат» саяжайларының мәселелерін шешу үшін жол картасы әзірленген болатын.

Құжатта облыс және қала басшылығымен кездесулерде тұрғындардың өздері айтқан негізгі мәселелер көрсетілген. Қазіргі уақытта Жол картасына сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жол картасына сәйкес жұмыстардың алдын ала нәтижелерін талқылау үшін аталған саяжай тұрғындары облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевпен кездесіп, мемлекеттік органдардың атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады.

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың айтуынша, кешенді тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сол тексерулердің нәтижелері бойынша уәкілетті органдармен процессуалдық іс-әрекеттер қабылданады.

Жиын соңында облыс әкімі осы мәселелерді 10 шілдеге дейін шешуді тапсырды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button