Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Ақтөбеде өткен «Өмір тынысы» сайыста Абай облысының спортшысы үшінші орынды иеленді

Ақтөбе қаласында “Өмір тынысы” трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған трансплантациядан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттер арасында республикалық сайыста Абай облысының спортшысы үшінші орынды иеленді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2023 жылғы 19-23 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Ақтөбе қаласында “Өмір тынысы” трансплантацияланған науқастардың қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған трансплантациядан кейінгі адамдар мен диализдегі пациенттер арасында республикалық сайыстар өтуде.

Ойындардың ресми ашылу салтанаты 2023 жылдың 21 маусымына сағат 9.00-де өтті.

Бүгінде 30-39 жас аралығы дартс спорт түрі бойынша ІІІ орынға Абай облысынан спортшы Әлішер Жұмабаев ие болып, төраға Е.Мырзабосынов атынан дипломмен марапатталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button