Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Семейдегі жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстарымен танысты

Облыс әкімдігі 90 пайыз тозығы жеткен апатты жағдайдағы жеті учаскенің жылу желілерін қайта жаңғыртудың жобалық-сметалық құжаттамасын әзірледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қазіргі кезде «ЖЭО-1-ден 1-павильонға дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта құру» және «1-павильоннан 4-павильонға дейінгі магистральдық жылу желілерін қайта құру» жобаларына қаражат қарастырылып, жөндеу жұмыстары басталды.

Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев жұмыс барысымен танысып, «Теплокоммунэнерго» МКҚК директоры Серік Төленбергенов құрылыстың жағдайын баяндады. Облыс әкімі тиісті тапсырмалар беріп, жөндеу жұмыстарын мерзімінде аяқтау қажеттігін атап өтті.
Осылайша алдағы жылыту маусымында қиындықтар тудырмас үшін 5,4 шақырымнан астам жылу желілері ауыстырылады.

Айта кетейік, жөндеу жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіліп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button