Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде автобус өртеніп кетті

Бүгін Семейде ПАЗ маркалы автобусы түгі қалмай өртеніп кетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 08: 50-де “101” пультіне Шугаев көшесінде автобус жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

“Құтқару бөлімшелері келгеннен кейін 2013 жылғы ПАЗ маркалы көлікте жанғыш қозғалтқыш бөліктерінің, аспаптар панелінің, ішкі қаптаманың, орындықтар мен корпустың жанып тұрғанын анықтады. Жану алаңы 20 шаршы метрді құрады. Өрт қысқа мерзімде жойылды. Өрттің алдын – ала себебі-қауіптілігі жоғары қондырғыны абайсыз пайдалану”, – делінген ведомство хабарламасында.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button