ҚоғамСемейТОП

Семейде көпқабатты үйлердің қабырғаларына муралдар салынуда

Семейде көп қабатты тұрғын үйлердің қабырғаларында қабырға суреттері салынуда. Қазіргі таңда аталған жұмыстар Шәйжүнісов көшесі 152-үйдің және Мәңгілік ел көшесі 10-үйдің қабырғаларында жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл аудандарда Семей қаласының келбетін бейнелейтін сурет пен Ұлы Абайдың суреттері салынуда.

Тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Диана Шаяхметованың мәліметінше ағымдағы жылы дәл осындай бірнеше муралдар пайда болады.

Айта кетейік, мурал– бұл өте ірі көлемді өнер туындысы, көбінесе, қабырға бетіне салынған сурет немесе үлкен граффити. «Мурал» сөзі ағылшын тілінен аударғанда – «қабырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Мурал-арт суреттері кез-келген жерге бояу жағып кету, ретсіз сурет салу емес, бұл – биік ғимараттардың қабырғаларына жергілікті биліктің арнайы рұқсатымен сурет салуды көздеген заманауи көше өнері.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button