Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семейде жастар арасында нашақорлықтың алдын алу туралы айтылды

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу шараларын жетілдіру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған Жол картасына сәйкес, жасөспірімдер мен жастарда есірткіге қарсы тұрақтылықты қалыптастыру бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұл туралы Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен «Есірткімен күрес және оның алдын-алу жолдары» атты тақырыптағы брифингте талқыланды. Брифингке Абай облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының жедел уәкілі , полиция капитаны Думан Масғұтұлы, Абай облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Асем Хасенқызы, облыстық психикалық денсаулық орталығының емхана меңгерушісі Рыскүл Жеңісқызы қатысты.

Абай облысы Полиция департаменті есірткіні, оның ішінде есірткінің синтетикалық түрлерін байланысқа түспей, Интернет ресуртары арқылы өткізу, жеткізу арналарын анықтауға ерекше назар аударып, қылмыскерлерді ұстауға арнайы жұмыс атқаруда. Полиция департаментінің мәліметінше биылғы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша 24 есірткі қылмысы, сондай-ақ 54 теріс қылмыс анықталған. Есірткі қылмыстарының жалпы санынан 19 есірткі және психотроптық заттарды өткізумен байланысты болса, оның 15 аса ауыр санаттағы қылмыс.

Облысының аумағына синтетикалық есірткілерді жеткізудің 4 тұрақты арнасын жойған. Және де есірткі қылмысын жасағаны үшін барлығы 9 адам ұсталған. Оның 5-і синтетикалық есірткі сақтаған.

-Қазіргі уақытта есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы заңсыз контент белгілері бар Интернет ресурстарға, атап айтқанда есірткі құралдары мен психотроптық заттарды таратуға және насихаттауға қатысы бар желілерге бұғаттау жасады. Жыл басынан бері 35 есірткі сайты бұғатталды,- деді Абай облысының Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасының жедел уәкілі,- полиция капитаны Думан Масғұтұлы.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button