ҚоғамСемейТОП

21 маусымда Семейде су болмайды

Су желілерін бір мезгілдік дезинфекциялауға байланысты 21 маусымнан 22 маусымға қараған түні Семейде су болмайды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Құрметті тұрғындар!
«Семей Водоканал» МКК-ны қаланың сумен жабдықтау жүйелерімен су желілерін бір мезгілдік дезинфекциялауға байланысты 2023 жылдың 21 маусымында сағат 20.00-ден 22 маусымның 06.00 сағатына дейін қаланың ОҢ және СОЛ ЖАҒАЛАУЛАРЫНДА, ауыз су беру уақытша тоқтатылатындығын ескертеді.

Көрсетілген мерзім ішінде құбырларда су болған жағдайда да суды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Қала тұрғындарынан, кәсіпорындар мен мекемелер басшыларынан өрт сөндіру мен қалыпты жұмыс атқаруға жеткілікті жағдай жасап қажетті тәуліктік су қорын дайындап алуларын өтінеміз», – делінген хабарламада.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button