ҚоғамСемейТОП

«Би-2» тобының Семейдегі концерті өтетін болды

«Би-2» тобының Семейдегі концерті бұрын жарияланған күні – 21 маусымда өтеді. Әртістер Семей қаласына ұшып келді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Жерлестеріміздің қайғылы қазасы мен жалпыұлттық аза тұтудан кейін рок-концерт өткізу көптеген тұрғындардың наразылығын тудырды.

Нәтижесінде қала жұртшылығы мен облыстық мәслихат депутаттары ресейлік топтың концертін кейінгі мерзімге шегеру және сол арқылы орман өртінде қаза тапқан жандардың жақындарының – анасынан, әкелері мен ұлдарынан айырылған отбасылардың қайғыларына ортақтасу туралы бастама көтерді.

Алайда, бұл шешім қоғамдық резонанс тудырды, осыған байланысты Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органы қаза тапқандардың отбасыларымен байланысып, концерт өткізу олардың сезімдерін ренжітпейтініне көз жеткізді.

Осылайша, қаза тапқан орманшылардың туыстарының келісімі және олардан концерт өткізуге келісім алғаннан кейін, сонымен қатар әртістердің өз өтініштері бойынша концерт қайырымдылық сипатта болатындықтан «Абай Арена» спорт кешеніндегі іс-шараны тоқтатпау туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, «Би-2» тобының концертін кейінгі күнге ауыстыру туралы шешім Семей қаласы әкімдігінің шешімі болған жоқ. Сонымен қатар, концертті ұйымдастырушы «ЛЕВИТ-КАТАНА» жеке компаниясы болып табылады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button