ҚоғамСемейТОП

Семей қаласының әкімі жылыту маусымына дайындық бойынша көшпелі кеңес өткізді

Бүгін қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың төрағалығымен алдағы жылыту маусымына дайындық мәселелері талқыланған көшпелі жиын өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оған қала әкімінің орынбасарлары, жауапты бөлімдер мен мекеме басшылары, мердігерлер қатысты. Әкімдік өкілдері Ғаббасов, Орталық жылу қазандықтарында жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының барысын тексерді. Қала әкімі өткен қыста жылу беруге қатысты туындаған мәселелердің қайталанбауы керектігіне тоқталды.

«Өткен қыс айларында жылу беруден проблемалар болғаны рас, жедел ден қоюдың арқасында дер кезінде шаралар қабылданды. Биыл олқылықтардың алдын алуымыз керек. Бұдан бөлек, жылыту қазандықтарындағы жөндеу жұмыстарын бекітілген кестеге аяқтап, жылу желілерін тексеруді ертерек қолға алуды тапсырамын», – деді Нұрбол Нұрсағатов.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button