Абай облысыБизнесҚоғамСемейТОП

Абай облысында шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді

Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Рүстем Ворошилов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте шағын және орта бизнесті дамытуға жан-жақты қолдау болып жатқандығын атап өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

-Мемлекет басшысының қолдауымен шағын және орта бизнесті дамытуға нақты мүмкіндік бар. Абай облысы бойынша 649 кәсіпкер 27,9 млрд теңгеге қолдау алды. 496 кәсіпорын кепілдендірілген қаржыландыруға ие болды. Осы жылдың басынан бері облыстың 138 кәсіпкері 5,9 млрд теңге қаржыландырылды. Мемлекеттік органдармен үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгінде сауда объектілері 3 млрд теңгеге дейін субсидия ала алады. Бұл сауда нысандары заманауи сауда нысандарына өтуі үшін қажетті құрал, – деп атап өтті Рүстем Ворошилов.

Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл кәсіпкерлікті дамытуға 100 млн теңге гранттық қаражат бөлінді.

-2023 жылға мемлекеттік гранттар беру бойынша конкурс өткізу үшін 100 млн теңге бөлінді. Құжаттарды қабылдауды маусымның үшінші онкүндігінде жүзеге асыру жоспарлануда. Мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына сәйкес конкурстық комиссияның құрамына кемінде 50% өзгерістер енгізу қажет болған, біз 80%-ға өзгерттік, – деп атап өтті Ворошилов.

Басқарма басшысы облыста шағын және орта бизнес субъектілерінің саны үздіксіз өсіп келе жатқандығында тоқталды.

-Өткен жылы грантқа 46 млн теңге бөлінді. Соның шеңберінде 18 адам қолдауға ие болды. Басқармаға келіп түскен 339 өтінімнің барлығы тікелей эфирде қорғалған жалғыз облыспыз. Жеңімпаздардың тізімі сайтта жарияланды. Бұл стартаптар мен жас кәсіпкерлерге болып жатқан оқиғалардың ашықтығын көруге мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнес санының өсуіне септігін тигізеді. Қазір олардың саны облыста 54 мыңға жуық. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бизнесті қолдауды ғана емес, сонымен қатар бағдарламаға қатысқан бизнестің міндеттемелерін де қамтиды. Бизнес салық аударымдарын және жұмыс орындарының санын 10% – ға арттыруы тиіс, – деді Рүстем Ворошилов.

Маусым айының соңынан бастап “Қамқор” өңірлік бағдарламасы іске асады. Бағдарламаға жас кәсіпорындар қатысып франшиза сатып ала алады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button