15 маусымда ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері полициямен бірлесіп, Өскемен қаласында бәсекелес екі қылмыстық топтың қарулы теке-тіресінің алдын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық қауісіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы операция барысында қаладағы дәмханалардың бірінің жанында қылмыстық топтардың арасында өзара есеп айырысу әрекетіне қатысқалы келген 20 адам ұсталды. Олардың кейбірінен қару табылды.
Күдікті адамдардан 2 «Макаров» тапаншасы, травматикалық тапанша, тегіс ұңғылы шолақ мылтық, жарық-дыбысты граната, 2 суық қару тәркіленді.
«Жедел тергеу жұмыстары жалғасуда»,-делінген хабарламада.
Semeynews.kz