Интернет-дүкенін жарнамаламақ болған Семей тұрғыны алаяққа алданды
Интернет-дүкенін жарнамаламақ болған Семей тұрғыны алаяққа алданды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айының ортасында орталық полиция бөліміне 22 жастағы бойжеткен жүгініп, 2022 жылдың 12 қазанында Kaspi.kz қосымшасындағы интернет-дүкенінің рейтингін көтеру мақсатын сылтауратып оны алдау жолымен бейтаныс қыз атына жалпы сомасы 590 мың теңгеге екі тауар кредитін рәсімдегені туралы хабарлайды.
Орталық ПБ қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында күдікті деп танылған 22 жастағы күдікті анықталды. Одан хат-хабарлардың және тауар чегін аударудың скриншоты тәркіленді.
Шығын көлемі 590 мың теңгені құрайды. Алайда қаражатты жұмсап тастағандықтан жәбірленушіге қайтарылмады.
Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Semeynews.kz