Абай облысыҚоғамОқиғаТОП

Абай облысындағы өртті сөндіру бойынша ақпарат

2023 жылғы 18 маусымда кешкі уақыттағы жағдай бойынша ТЖМ мен ЭТРМ күштері бірлесіп әуеден барлау және қарауылдау барысында анықталған түтін шығып жатқан орындарды сөндіру жұмыстары жүргізілуде, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ТЖМ және «Семей орманы» МОТР өрт орындарында тұрақты қарауылдау жүргізілуде.

Жергілікті жерде ұшқышсыз ұшу аппараты көмегімен мониторинг жүргізілуде.

Өртті сөндіруге 500-ден астам адам, 167 бірлік техника, 6 әуе кемесі жұмылдырылуда.

3 елді мекенде (Талица, Успенка, Бородулиха) орнатылған командалық-штабтық автомобильдер есебінен өрттің периметрі бойымен жағдайға мониторинг қамтамасыз етіледі.

Өрт басталғалы бері барлығы өрт ошақтарына 2 707 рет көлемі 7 951 астам тонна су төгілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button