Абай облысыҚоғамҚылмысТОП

Абай облысында оқытушыларға біліктілікті арттыру курстарынан өтуге көмектесемін деген алаяқ ұсталды

Біліктілікті арттыру курстарынан өтуге көмектесемін деген желеумен Абай облысының тұрғындарын сан соқтырған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.kz.

Абай облысы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Үржар ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімшесінің қызметкерлері алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен Таскескен ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады.

Полицейлер бұл деректің 2022 жылы 19 қазанда болғанын анықтады. Оқытушылардың біліктілігін арттыру курстарындағы сынақтан сүрінбей өтуге жәрдемдесемін деген 52 жастағы ауыл тұрғыны, өзінің “көмегі” үшін 150 мың теңге алған.

Алайда, жәбірленуші уәде етілген көмектің жасалмағандықтан, полицияға арызбен жүгінген. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button