Қаланың келбетін жақсарту мақсатында орталық көшелердің жол бойындағы жаяу жүргіншілер жолдарын бөліп тұратын ескі қоршауларын бөлшектеу жұмыстары жүргізіліп, орнына жаңа қоршаулар орнатылуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Бұл жұмыстар қазіргі уақытта Шәкәрім даңғылы бойында жүргізілуде.
«Бұл жұмыс қаланың сыртқы келбетін жақсартуға бағытталған. Сондай-ақ, егер бұл жұмыс оң баға берсе алдағы уақытта да бұл жұмыстарды жалғастыруды жоспарлаудамыз»,- деп атап өтті Семей қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Медет Алтаев.
Semeynews.kz