Семей қаласына қарасты Көкентау ауылдық округінің Жазық ауылына жергілікті халықтың сұрауы бойынша қала әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың тапсырмасымен балалар ойын алаңы қолданысқа берілді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
«Балалардың салауатты өмір салтын қалыптастырып және олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Жазық ауылында заманауи алаң (балалар ойын алаңы) салынды. Іші жарықшамдармен жарықтандырылып, жасанды газон төселіп, балаларға арналған әткеншектер, сырғанақ, өрмелеуіш орнатылған», – делінген қалалық әкімдіктің хабарламасында.
Semeynews.kz