Бесқарағай ауданында мал ұрысы ұсталды
Ағымдағы жылдың 29 мамырында Бесқарағай ауданының полиция бөліміне 47 жастағы Бөдене ауылының тұрғыны жүгініп, ағымдағы жылдың 18-20 мамыры аралығында Бөдене ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан еркін жайылымнан белгісіз адамдар жасырын 5 жасар бір бас жылқысын ұрлап сойып алғанын хабарлаған. Келтірілген залал 700 000 теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде, полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен Курчатов қаласының 24 жастағы тұрғынын анықтап, жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы – 1-бөлігі – «Мал ұрлығы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме бұлтартпау шарасы тағайындалды.
Облыстық Полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, малды қараусыз қалдырмауды және заңнама талап еткендей мал жаюды ұйымдастыру қажеттілігін ескертеді.