ШҚО ПД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Глубокое ауданының 62 жастағы тұрғыны гаражынан граната және 30 данада тегіс ұңғылы қаруға арналған оқ-дәрілер табылған.
«Қазіргі уақытта тәркіленген граната бойынша соттық жарылғыш-техникалық сараптама жүргізілуде. ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында тәркіленген заттардың шығу тегіне байланысты барлық жағдайлар анықталуда», – деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Жыл басынан бастап ШҚО полицейлерімен заңсыз айналымнан барлығы 80-нен астам қару, соның ішінде, 9 обрез, түрлі типтегі 7 тапаншалар, 12 иір ойықты қару және 640 данада оқ-дәрілер алынды.
Қазіргі уақытта ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес «Қару» жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілуде. ЖІІ мақсаты – заңсыз айналымнан қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алу.
«Жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізген 3 күн ішінде заңсыз айналымнан 15 данадағы түрлі қарулар және 100-ден астам оқ-дәрілер алынды. 1500-нан астам азаматтық қарулардың иелері тексерілді», – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Semey News.