Абай облысыҚоғамСемейТОП

Семей ардагерлері әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілеріне тілектерін білдірді

Ардагерлер кеңесінің өкілдері (Абай қырандары( командасының әскери-спорттық клубтары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушыларымен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесудің мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және жастар өкілдерін Абай облысының құрметті ардагерлерімен таныстыру болды.

Бұл күні балалармен облыстың атақты ардагерлері кездесті:

1.Алин Мұратқазы Сейсенұлы – Абай облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

2.Бердікенов Кенжебай Құсманұлы – Семей қаласының ардагерлер кеңесінің төрағасы, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі.

З. Абақов Рахымтай Абақұлы – Абай облысының спорт саласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы.

4.Оразов Жұмағазы Оразұлы – отставкадағы полковник, ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері.

5.Рақымжанов Асқар Құнапияұлы – отставкадағы подполковник, ардагер.

6.Манасов Айдар Төртайұлы – майор, әскери кафедра басшысының орынбасары.

7.Махудаев Ризабек Темірұлы – отставкадағы полковник.

8.Қалиақпаров Шаймардан Ахмарұлы – жазушы, Ұлы Отан соғысы туралы көптеген кітаптардың авторы, отставкадағы полковник.

9.Игімбаева Татьяна Жекенқызы – көп жылдық тәжірибесі бар оқытушы, Семей қаласының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары.

10.Шәріпханов Қанат – подполковник, Абай облысы Қорғаныс істері департаменті бастығының орынбасары – тәрбие және идеологиялық жұмыс басқармасының бастығы.

11.Картоев Сұлтан Омарович – Семей қаласының шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы, “Невада-Семей” антиядролық қозғалысының вице-президенті, РФ құрметті профессоры, Қазақстан, Ресей, Беларусь және ТМД 70 орденінің, медальдарының және айырым белгілерінің иегері, Алматы-Астана 2011 ж.жетінші Қысқы Азия ойындарының Құрметті Алау ұстаушысы.

12.Қилыбаев Мәулет Әкімбайұлы – қоғам қайраткері.

13.Нұржаубаев Роллан Өмірғалиұлы – Абай облысы қарулы күштері ардагерлер кеңесі басшысының орынбасары, подполковник.

Іс-шараға сонымен қатар Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназияның алғашқы әскери дайындық сыныбының жетекшісі Серік Түсіпов, Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның АӘД сынып жетекшісі Бейбіт Сәрсеков, Абай облысының «Жас сарбаз» қозғалысының жетекшісі Төлеубек Тақанов және Қалбатау ауылының АӘД оқытушысы Рахымғалиев Дәулетқазы Мұхтарханұлы қатысты.

Іс-шара аясында подполковник, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Қанат Шәріпханов және Шәкәрім атындағы көпсалалы гимназияның оқытушысы Серік Түсіпов «Бабалар ізімен» іс-шарасына қатысқаны үшін қала әкімінен алғыс хат алды.

Сонымен қатар, бұл күні жастар аймақтың көрнекті тұлғаларымен танысып қана қоймай, олармен жеке сөйлесуге, тіпті ардагерлердің батасын алуға мүмкіндік алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай кездесулер жас ұрпаққа оң әсер етіп, жастарға патриотизм мен өз Отанының тарихын құрметтеуге тәрбиелейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button